Халықаралық Кешірім ұйымы Түркияда адам құқығының өрескел бұзылуын сынады
Халықаралық Кешірім ұйымы өзінің жылдық есебінде Түркияда адам құқығының өрескел бұзылуын, азаматтарға қарсы қатыгездіктің көрсетілуі мен ақпарат құралдарына қысымның жасалуын сынады.
Халықаралық Кешірім ұйымы өзінің жылдық есебінде Түркия азаматтарына қарсы, әсіресе 7- ші маусымдағы сайлаудан кейін жаппай қатыгездік әрекеттердің жасалуына, баспасөзге қысым көрсетіліп, лаңкестік шабуылдар мен сол елдегі сириялық босқындар дағдарысына алаңдаушылық білдірді. Осы есептің бір бөлімінде үкіметтің Түркиядағы сыншы ақпарат құралдарына бұрын-соңды болмаған дәрежеде зор қысым келтірілуіне сілтеме жасалып: «Анкара үкіметі оппозициялық ақпарат құралдарының өкілдерін қудалап, оларға қоқан-лоққы көрсетеді» деп жарияланды.