ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Еуроодаққа адам құқығына қатысты кеңес берді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Еуроодақ ақпарат хатшысының жуырдағы сөздерін теріске шығарып: «Бұл одақ Ирандағы сот жүйесін нақтырақ түсінуге тырысып, әдеттен тыс сөздерді қайталаудан бас тартуы тиіс»,-деп кеңес берді.
ИИР СІМ-нің Дипломатия және баспасөз департаментінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Еуроодақтың сыртқы шаралар қызметі ақпарат хатшысының бір ирандық азаматты соттау үкімін растау туралы сөздерін ішкі іске араласушылық деп атап: «Иран мен Еуроодақ арасында жақын болашақта адам құқығына қатысты келіссөздердің өтетінін ескерсек, мұндай сөз айту сындарсыз. Бұл мәлімдемені таратушылардың адам құқығы тақырыбы мен оның деңгейін жоғарылатудың саяси мәлімдеме жасаумен орындалмайтындығынан хабардар болуы қажеттігі анық. Бұл мәселе елдердің ішкі ісіне араласуға, әрбір елдің тәуелсіз сот органының міндеті мен өкілеттігіне жататын мәселелер төңірегінде сөз сөйлеуге сылтау болмауы тиіс.
Әрине, бір ел немесе аймақтың өзіндік құндылықтарын басқа қоғамдар мен мәдениеттерге, бөгде әдет-ғұрып пен салтқа қабылдатуға талпыныс жасау халықаралық қатынастардағы көне парадигмаларға қайта оралуға талпыну болып табылады»,-деп мәлімдеді..