Америка Бахрейнмен әскери келісімшартты уақытша тоқтатады
(last modified Sun, 02 Oct 2016 15:49:38 GMT )
Қаз 02, 2016 21:49 Asia/Almaty
  • Америка Бахрейнмен әскери келісімшартты уақытша тоқтатады

Кейбір дереккөздері АҚШ президенті Барак Обама үкіметінің осы елдің Конгресіне Манама адам құқығы мәселесі негізінде ілгерілегенін көрсетпейінше, жаңа әскери келісімшартты растамайтынын мәлімдегенін хабарлады.

Осы келісімшарт Бахрейнге 19 «F-16» ұшағын сату және осы елдің «F -6» ұшақтарының қазіргі флотын құны 4 млрд долларға жоғарылатуды қамтиды. АҚШ үкіметі Манамадан бейбіт сипатты шерулерді басып-жаншымауды, осы елдегі ең үлкен қарсылас топ «әл- Вефақ» партиясын тарату жөніндегі өз шешімін қайтадан қарауды сұрап отыр.