Иран Америкаға 32 тонна ауыр су сатты
Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы осы уақытқа дейін Иранның Америкаға 32 тонна ауыр су сатқанын мәлімдеді.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи жексенбі күні Теһранда тілшілер алдында: «Еуропалық, германиялық және франциялық компаниялар Ираннан ауыр су сатып алуға мүдделік танытуда. Иран да осы негізде әзірлік танытып отыр.
«Ортақ қадам» келісімі бойынша Иран ауыр судан 130 тонна стратегиялық қорға ие болып, өз өндірісінің артығын сатылымға қоюы тиіс. Осы негізде Ресейге де 38 тонна ауыр су сатылды.
Иран ислам республикасының жылына 20 тонна ауыр су өндіруге шамасы жетеді. Алдағы 50 жылда тіпті ауыр суды өнеркәсіпке жұмсағанның өзінде Иран шамамен 250 тоннаны өзі пайдаланады» деді.
Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Иранның ауыр сумен қамтамасыз етуші басты елге айналғанын мәлімдеп: «Бұл – стратегиялық қор болып та есептелетін ағынды бұлақ» деді.