Ресейлік «С-300» зымырандық қорғаныс құрылғысы Сирияға табыс етілді
Қаз 04, 2016 21:05 Asia/Almaty
Есімінің аталмауын өтінген америкалық үш әскери қайраткер Ресейдің алғаш рет «С-300» зымырандық қорғаныс құрылғысын Сирияға табыс еткенін мәлімдеді.
«С-300» зымырандық қорғаныс құрылғысы алғаш рет Сирияның Тартус қаласындағы теңіз күштерінің базасында табыс етілді. Бұл хабар осы уақытқа дейін Мәскеу тарапынан ресми түрде расталған жоқ. Мәліметтерге сәйкес, Сириядағы халықаралық негізгі екі ойыншы - АҚШ пен Ресей арасындағы келіспеушілік шегіне жетіп отыр.
Тегтер