Клинтон: Трамп диктаторларға еліктейді
https://itolqyn.com/news/world-i15595
Америкадағы президенттік сайлаудағы демократиялық партияның үміткері Хиллари Клинтон республикалық партияның үміткері "Дональд Трамп диктаторларға еліктейді" деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 04, 2016 21:23 Asia/Almaty
  • Клинтон: Трамп диктаторларға еліктейді

Америкадағы президенттік сайлаудағы демократиялық партияның үміткері Хиллари Клинтон республикалық партияның үміткері "Дональд Трамп диктаторларға еліктейді" деді.

Клинтон Американың Огайо штатына қарасты Акронда өзін қолдаушыларға айтқан сөзінде Ресей президенті Владимир Путинді жақтауына байланысты Трампты сынап: "Трамп жетекшілік пен диктаторлықты шатастырып отыр. Ол Американың досы кім, дұшпаны кім екенін әрең еске түсіреді" деді.

Клинтонның айтуынша, егер Трамп АҚШ президенті болып сайланса, осы нью- йорктік кәсіпкер Мәскеудің талаптарының алдында бас иеді.