Иран мен Оңтүстік Корея электр стансасының құрылысы туралы келісімге қол қойды
(last modified Thu, 06 Oct 2016 08:53:08 GMT )
Қаз 06, 2016 14:53 Asia/Almaty
  • Иран мен Оңтүстік Корея электр стансасының құрылысы туралы келісімге қол қойды

ИИР мен Оңтүстік Кореяның екі компаниясы Иранда жел және күн электр стансасының құрылысы туралы екі келісімге қол қойды.

Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні кешке Иран мен Оңтүстік Кореяның жеке бір компаниясының арасында құны  820 миллион долларды құрайтын күн және жел электр стансаларының құрылысы туралы екі келісімге қол қойылды. 

Иранның Экономикалық даму және инвестиция басқармасының төрағасы Нематолла Торки осы рәсімдер аясында технология жөнелтумен қатар шетелдік инвестицияларды тартуды қуаттап: "Иран өз жұмысын биыл бастап, жобаны келісілген мерзімде аяқтайтын компаниялармен ғана келісіме қол қояды" деді.

Ол Иранның келесі шарты бойынша, жобалардағы барлық қажетті заттар мен жабдықтардың ирандық өнім болып, жобаға тек ирандық мамандар мен адам күшінің қатысуы керектігін қуаттады.