Малайзияның ғылым саласының көрнекті тұлғалары Иран президентімен кездесті
ИИР президенті Ислам әлемін құтқару үшін бірқалыптылықты ұстанып, қатыгездікпен күресуден басқа жолдың жоқтығын қуаттады.
ИИР президенті Хасан Рухани сенбі күні таңертең Куала- Лумпурда Малайзияның ғылыми, мәдени және БАҚ саласының көрнекті тұлғаларымен кездесуінде барлық мұсылмандарды бірлікке және ислам әлемінің мәртебесі мен күш- қуатын жоғарылатуға шақырып: «Ислам әлемі бірлік, қауіпсіздік және дамуға мұқтаж. Қатыгездік, әсірешілдік, үмітсіздік және өзіне деген сенімнің болмауы ислам әлемінің келешегіне қауіп төндіреді» деді.
Рухани Иранның аймақтық саясатының төрт қағидасын баяндап: «Тәкфирлік лаңкестікпен майдандық күрес, бейбітшілікке әсерлі көмек, ымыра орнату, халыққа гуманитарлық көмек жеткізу, елдердің бөлінбеуі және жағырапиялық шекараларының өзгермеуі мен халықтың дауысына сүйену, халықтың өз елінің істерін басқаруы Иранның аймақтық саясатының қағидаларына жатады.
Батыс әлемі әлемге өзінің үстемдігін сақтауға тырысуда. Батыстықтар тек өздерінің ғылыми және технологиялық үстемдігін жалғастыруға ғана мүдделі емес, сонымен бірге мәдени, әскери және экономикалық тұрғылардан да әлемдегі үстем бірінші мәдениет болуды қалайды» деді.
Иранның Атқарушы билігінің төрағасы ислам әлеміндегі көрнекті тұлғалар мен зиялы қауымның міндетін қазіргі кезде маңызды деп бағалап: «Өкінішке орай, ислам әлеміндегі жастар осындай кеңістікте біртіндеп үмітсіздікке бой алдырып, өздеріне сенімді болмай, екі қауіпті жаққа: қатыгездік пен әсірешілдікке тартылады. Осы екеуі бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін қауіпті» деді.