Рухани: Имам Хосейн (ғ) - әлемдегі барлық азат жандар үшін үлгі
ИИР президенті: "Мұсылмандар, тіпті мұсылман емес көптеген адамдар имам Хосейнді (ғ) азат тұту күндерімен тығыз байланыста" деді.
ИИР президенті Хасан Рухани сенбі күні Малайзияның астанасы Куала-Лумпурда осы елде тұратын бір топ ирандықты қабылдауында: «Әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет имам Хосейн (ғ) тек Иран халқы үшін ғана емес, әлемдегі барлық азат жандар үшін үлгі- өнеге болып табылады.
Иран халқы ислам революциясы мен басқыншылық соғыс барысында имам Хосейн (ғ)-ның есімі және Ашура мәдениетінің берекесімен ірі алпауыттармен күресте жеңіске жетті.
Иран халқының Ашура мәдениетінен бастау алатын түрткісі, иманы және ықыласы жеңіске себеп болды. Бүгін де сол мәдениетпен қиыншылықтардан өтеді.
Ислам әлемі бүгінде бірлік, исламдық ахлақ, ислам пайғамбарының салтына еліктеу және Құран Кәрім аяттарын түсінуді қажет етеді» деп, Малайзияда тұратын ирандықтарға: «Сіздердің бір міндеттеріңіз байланыстарды кеңейтуге жағдай жасау болып табылады. Сіздер Иранның мүмкіндіктерін Малайзияға, Малайзияның мүмкіндіктерін Иран халқына таныстыруларыңыз керек» деді.