Лавров АҚШ-тың Сирия әскерінің позицияларына қарсы ықтималды шабуылына реакция білдірді
(last modified Mon, 10 Oct 2016 07:47:14 GMT )
Қаз 10, 2016 13:47 Asia/Almaty
  • Лавров АҚШ-тың Сирия әскерінің позицияларына қарсы ықтималды шабуылына реакция білдірді

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей телеарнасының бірінші каналына берген сұхбатында: «Сенімді мәліметтер бойынша АҚШ үкіметінің кейбір жоғары лауазымды қайраткерлері Сирия әскерінің нысаналарына жасалатын кез келген шабуылдың халықаралық заңдарды әшкере түрде бұзу екендігінен толығымен хабардар.

Әшкереленген мәліметтер бойынша, АҚШ қанатты зымырандарын пайдаланып, Сирия әскерінің әуе базаларын нысанаға алады. Ресейдің Сириядағы Тартус пен Хмеймимде екі әскери базаға ие екендігін назарға алсақ, АҚШ-тың ықтималды әрекеті қатерлі ойын болмақ» деді.