Бангкокте Иран Президентінің қатысуымен мұхаррам айындағы аза рәсімі өтті
(last modified Mon, 10 Oct 2016 08:18:27 GMT )
Қаз 10, 2016 14:18 Asia/Almaty
  • Бангкокте Иран Президентінің қатысуымен мұхаррам айындағы аза рәсімі өтті

Таиландтың астанасы Бангкокте жексенбі күні кешке Иран Президенті Хасан Руханидің қатысуымен хазірет Аба Абдолла әл-Хосейн (ғ.с.) мен имамның адал серіктерінің шәһид болған күнінің жылдығына қатысты аза рәсімі өтті.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, ирандық делегациямен бірге Таиландта өмір сүретін ирандықтар, ғалымдар мен шиіттердің қатысуымен өткен рәсімде Иран Президенті мұхаррам айының сегізінші кеші мен  әлем мемлекеттерінің біразының бұл кешті имам Хосейн (ғ.с.)-ның атымен өткізетіндігіне тоқталып: «Имам Хосейн (ғ.с.) тек Ислам мен шиіттерге ғана қатысты емес, ол әлемнің барлық азаттық талап етушілерінің сүйіктісі»,- деді.

Рухани «Неліктен имам Хосейн (ғ.с.) мен Ашура мәңгілік және не үшін барлық адамдар имамды жақсы көреді?» деген сұрақ қойып: «Имам Хосейн (ғ.с.) өз өмірін тек бір арнайы топ үшін қиған жоқ. Оның мақсаты әлемдік құндылықтар болды. Сондықтан ол бүкіл адамзатқа қатысты. Имам Хосейн (ғ.с.) өз жанын адамдардың азаттығы үшін қиып, шындық, әділет және қоғамды өзгерту жолында шәһид болды. Имам Хосейн (ғ.с.) өз өмірінде шәһид болу мен қорлықтың арасынан шәһид болу мен дұшпанның қылышын таңдаған адам. Оның «Еш уақытта қорлыққа бағынбаймыз!» деген ұраны мәңгілік, әрі барлық адамдар мақтан тұтатын ұран»,- деді.