Испания Сауд Арабиясының Йемендегі қылмысын айыптады
(last modified Tue, 11 Oct 2016 04:19:44 GMT )
Қаз 11, 2016 10:19 Asia/Almaty
  • Испания Сауд Арабиясының Йемендегі қылмысын айыптады

Испания үкіметінің дүйсенбі күнгі жариялаған мәлімдемесінде "Йемендегі шабуылдарға кімнің жауапты екендігін анықтау үшін тергеу жасау қажет" деп қуатталды.

Испания үкіметі осы мәлімдемеде Йемендегі бомбалау барысында құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтып, Йеменде саяси шешім жолын табу үшін бейбітшілік келіссөздерінің қайтадан басталуы қажеттігін баса айтты.

Осы мәлімдемеде Испания үкіметі БҰҰ бас хатшысының Йемендегі арнайы өкілі Исмаил Валад Шейх Ахмадтың ісін қолдайтынын қуаттады.

Саудия коалициясының қырғи ұшақтары сенбі күні Сана қаласындағы аза тұту рәсіміне бірнеше рет шабуыл жасады. Соның салдарынан жүздеген адам өліп, жараланды. Кейбір жаралы жандардың жағдайы мүшкіл деп хабарлануда.