"Солтүстік-оңтүстік" дәлізін жылдам іске қосу Иран мен Ресей үшін маңызды
https://itolqyn.com/news/world-i15955-Солтүстік_оңтүстік_дәлізін_жылдам_іске_қосу_Иран_мен_Ресей_үшін_маңызды
Ресейдегі Иран елшісі Иран мен Ресей президенттерінің "Солтүстік- оңтүстік" дәлізін халықаралық ірі жоба ретінде жылдам іске қосу керектігін қуаттап отырғанын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 11, 2016 10:53 Asia/Almaty

Ресейдегі Иран елшісі Иран мен Ресей президенттерінің "Солтүстік- оңтүстік" дәлізін халықаралық ірі жоба ретінде жылдам іске қосу керектігін қуаттап отырғанын мәлімдеді.

Мехди Санаи Дағыстанның мемлекеттік университетінің ректоры және студенттерімен өткен отырыста сөйлеген сөзінде: «Теһран мен Мәскеу ынтымақтастықтары бұрын-соңды болмаған екпінмен дамуда. Екі ел арасында тиімді меморандумдар жасалды. Екі ел басшыларының 2016 жылдың 8- ші тамыз күнгі Әзірбайжан республикасының астанасы Бакудегі кездесуінің нәтижелері «Солтүстік- оңтүстік» дәлізін жылдамдату және оны тезірек іске қосу қажеттігі болып табылады» деді.