Ресей президентінің арнайы өкілі Велаятимен кездесті
(last modified Tue, 11 Oct 2016 10:14:59 GMT )
Қаз 11, 2016 16:14 Asia/Almaty
  • Ресей президентінің арнайы өкілі Велаятимен кездесті

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Сирияның келешегіне қатысты кез- келген саяси келіссөздің осы елдің үкіметі және халқымен кеңесу арқылы іске асуы керектігін қуаттады.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти кеше дүйсенбі күні Ресей президентінің Сирия ісі бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьевпен кездесуде: «Иран мен Ресей Сирия үкіметі мен халқының негізгі одақтастары болып табылады. Осы ынтымақтастықтар аймақ өзгерістерінде, сонымен қатар Сирия халқы мен үкіметінің жуықтағы жеңістерінде маңызды рөлге ие болды.  

Аймақтағы кейбір ескішіл елдер мен лаңкестік топтардың демеушілері жеңіліске ұшыраған лаңкестік топтарды құтқаруға әрекет етуде. Олар теңсіз негіздегі келіссөздер арқылы лаңкестерді құтқарудың жолын табудың және үсті-үстіне орын алған жеңілістерінің орнын толтыруды көздеуде» деді.

Ресей президентінің Сирия ісі бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев де осы кездесуде Ресей президенті Владимир Путиннің үндеуін Велаятиге табыс етіп, аймақтық тақырыптар, әсіресе Сирия жөнінде пікір алмасты.