Өзбекстан үкімет басшысының орынбасары Қазақстанға сапармен келді
(last modified Tue, 11 Oct 2016 13:13:20 GMT )
Қаз 11, 2016 19:13 Asia/Almaty
  • Өзбекстан үкімет басшысының орынбасары Қазақстанға сапармен келді

Өзбекстан үкімет басшысының орынбасары Ұлықбек Рузигулиев Қазақстан қайраткерлерімен кездесу үшін 9- шы қазан жексенбі күні Астанаға келді.

Иранның шетелдік хабар тарататын өзбек тіліндегі радиосының хабарлауынша, Өзбекстан үкімет басшысы орынбасарының Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен кездесуінде Өзбекстан мен Қазақстан байланыстарын кеңейту, аймақтық және халықаралық мәселелер қарастырылды. Екі тарап Арал көлін жандандыру, тасымалдау, транзиттік дәліздер мен күн қуаты көздерін дамыту, бірлескен халықаралық құқық ережелері бойынша су мен энергия ресурстарын пайдалану жөнінде де сөйлесті.

Өзбекстан Орталық Азиядағы халқы ең көп, ал Қазақстан аумағы ең үлкен республика болып табылады. Екі ел өткен жылдары Орталық Азия елдеріне жетекшілік ету үшін аймақтық бәсекелестікпен айналысты. Алайда осы бақталастықтар өзінің соңғы кезеңдеріне жақындап келе жатқан сынды. Өзбекстан үкімет басшысы орынбасарының Қазақстанға сапарын Ташкент үкіметінің Орталық Азия  республикаларымен, әсіресе Қазақстанмен ынтымақтастығының жаңа кезеңі деп санауға болады. Өзбекстан мен Қазақстанның соңғы екі он жылдықтағы байланыстарына шолу жасау су мен энергия қорын оңтайлы пайдалану және тасымалдау саласындағы байланыстарға қатысты мәселелердің Ташкент пен Астана қайраткерлерінің кездесуінде барлығы Өзбекстанның көршілес елдермен, соның ішінде Қазақстанмен байланысында текетірес тудырушы тақырыптар болғанын көрсетеді. Дегенмен Өзбекстанның уақытша президенті Шавкат Мирзиёев жуықта аймақ елдерімен арадағы теке тіресті жою тақырыбын талқылады. Өзбекстанның Орталық Азия  елдерімен қарым- қатынасы қайтадан анықталуы тиіс. Өзбекстан президенттік сайлаудың қарсаңында тұр. Өзбекстанның уақытша президенті аймақ елдеріне байланыстардың жаңа кезеңі басталғанын, Өзбекстан мен аймақ елдері  арасындағы салқын байланыс кезеңінің аяқталғанын жариялады.

Өзбекстан мен Қазақстанның Орталық Азия  елдеріне жетекшілік ету үшін бәсекелесуіне қарамастан Өзбекстанның жаңа президенті Қазақстанмен бәсекелесетін жағдайда емес. Сол себепті үкімет басшысының орынбасарын Қазақстанға аттандырумен Астана үкіметіне қарай достық қолын созып отыр. Осы шара Өзбекстанның Орталық Азиядағы өзге елдермен ішкі қауіпсіздігін күшейтуі үшін тиісті жағдай жасайды. Бұл тақырып Парсы Шығанағы  өңіріндегі ескішіл араб елдерінен әсіре діншіл ағымдардың Орталық Азияға ықпал етуіне кедергі бола алады. Уахабизм және оның әскери білегі ДАИШ лаңкестік тобы сияқты секталық ағымдар тек бейберекеттік болған жағдайда Орталық Азия  республикаларына ықпал етуге мүмкіндік табады. Ақиқатында Орталық Азиядағы мұсылман республикалар үшін біріншіден қауіпсіздік қажет. Аймақтық ынтымақтастық лаңкестердің ықпалына және осы аймақта бейберекеттікке бөгет бола алады.

Қазақстан Өзбекстанға мұнай мен мұнай өнімдерін, кен қазбалары мен тамақ өнімдерін экспорттап, Өзбекстаннан табиғи газ, электр, мақта, электр құралдарын, жеміс және көкөніс импорттайды. Өзбекстан мен Қазақстанның экспорт пен импортының көлемі 2015 жылы үш млрд доллардан асқан. Осы статистикалық мәлімет Өзбекстан мен Қазақстан арасында сауда және экономикалық ынтымақтастықтар үшін көп мүмкіндіктердің жасалғанын көрсетеді.