Мәскеу Түркияның әуе кеңістігінің бұзылғаны туралы уәждерін теріске шығарды
https://itolqyn.com/news/world-i160-Мәскеу_Түркияның_әуе_кеңістігінің_бұзылғаны_туралы_уәждерін_теріске_шығарды
Мәскеу Түркияның ресейлік ұшақтар тарапынан өз әуе кеңістігінің бұзылғаны туралы уәждерін теріске шығарып, мұны негізсіз жарнама деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 31, 2016 15:40 Asia/Almaty
  • Мәскеу Түркияның әуе кеңістігінің бұзылғаны туралы уәждерін теріске шығарды

Мәскеу Түркияның ресейлік ұшақтар тарапынан өз әуе кеңістігінің бұзылғаны туралы уәждерін теріске шығарып, мұны негізсіз жарнама деп атады.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі сенбі күні Анкараның «Түркияның әуе кеңістігіне басып кірді» деп атаған мәселеге білдірген наразылығынан кейін бұл уәждерді қабылдамай, Ресей ұшақтарының Түркияның әуе кеңістігін мүлдем бұзбағанын қуаттады.

Франция ақпарат агенттігінің Мәскеуден хабарлауы бойынша, Ресейдің Қорғаныс министрлігі сенбі күні: «Түркияның мәлімдемелері негізсіз жарнама ғана»,-деді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің ақпарат өкілі Игорь Конашенков бұл елдің әскери ұшақтарының 2015 жылдың қыркүйек айының соңынан бері Сирияның әуе кеңістігінде ұшып жүргеніне тоқталып: «Сирияның көгінде ұшып жүрген Ресей ұшақтары Түркияның әуе кеңістігін мүлдем бұзған жоқ»,-деді.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі ақпарат өкілінің айтуынша, Ресейді мұндай іс істеді деп айыптайтын адамдар Голливудтың шытырман оқиғалы фильмдерін көп көреді.

Осындай жағдайда Режеп Тайып Эрдоған сенбі күні кешке «Ресейлік ұшақтар Түркияның әуе кеңістігіне басып кірді» деген мәселеге наразылық білдіріп, осы оқиғадан кейін өзінің ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбаттасуға өтініш білдіргенін, бірақ әлі жауап алмағанын айтты.

Сондай-ақ, Түркияның Сыртқы істер министрлігі сенбі күні түстен кейін ресейлік ұшақтар тарапынан Түркияның әуе кеңістігінің бұзылғанына наразылық білдіріп, Анкарадағы Ресейдің елшісін Сыртқы істер министрлігіне шақыртты.