Иран Ауғанстандағы лаңкестік шабуылдарға реакция білдірді
(last modified Thu, 13 Oct 2016 11:45:33 GMT )
Қаз 13, 2016 17:45 Asia/Almaty
  • Иран Ауғанстандағы лаңкестік шабуылдарға реакция білдірді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ауғанстанның қалаларында имам Хосейнді аза тұтушыларға жасалған шабуылдарды айыптады.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Ауғанстанның Кабул мен Балх қалаларында аза тұтушыларға жасалған шабуылдарды айыптап: «Ауғанстанда жазықсыз аза тұтушыларды өлтіру лаңкестер мен олардың демеушілерінің ислам үмбетінің бірлігіне таусылмас кегі барын көрсетеді»,-деді.

Бахрам Ғасеми Ауғанстан үкіметі мен халқына, лаңкестік шабуылда құрбан болғандардың туған-туысқандарына көңіл айтып: «Аймақ пен әлемдегі барлық ықпалды ойыншылар терроризм атты қатерлі құбылыспен шынайы түрде күресуге міндетті»,-деп қуаттады.

Сәрсенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх облысында Ашура рәсімдері кезінде шиіттердің мешітіне кіре берісте болған жарылыс салдарынан ондаған адам қаза болып, жараланды. Бұл Ауғанстанда имам Хосейнді (ғ.) аза тұту рәсіміне жасалған екінші шабуыл болып табылады.

Сейсенбі күні кешке ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстанның астанасы Кабулдың батысында жасаған шабуылында кемінде 18 адам қаза тапты.