АҚШ-та Трамптың аморальдық әрекеттері әшкереленуде
Қаз 15, 2016 14:51 Asia/Almaty
Тағы екі америкалық әйел АҚШ-тағы президенттік сайлауға қатысатын Республикалық партияның үміткерін өзін жыныстық тұрғыдан қорлады деп айыптады.
France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тағы президенттік сайлауға қатысатын Республикалық партияның үміткері Дональд Трамптың әйелдерге тіл тигізе сөйлеген бейнетаспасы жария болған соң, Трамп ұйымдастырған «Эперентис» телебағдарламасына қатысқан Самер Зерус баспасөз конференциясында 2007 жылы Трамп тарапынан қорланғанын жариялады.
Бұрын модель болған Кристин Андерсон де «Вашингтон пост» газетіне берген сұхбатта Трампты 1990 жылдары түнгі клубта оны зорлады деп айыптады.
Тегтер