Ресейдің ұшақ тасушы кемесі Сирия суларына жіберілді
Ресейдің «Адмирал Кузнецов» ұшақ тасушы кемесі Жерорта теңізіндегі суларға жіберілді. Осылайша Ресей Теңіз күштерінің Сириядағы әуе шабуылдарын қолдауға бағытталған күш-қабілетін нығайтуды көздеп отыр.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, РФ Қорғаныс министрі сенбі күні: «Осы ұшақ тасушы кеме «Петр Великий» соғыс кемесі, «Адмирал Вайс Кулаков» эсминеці және сүңгуір қайықтарға қарсы алып кемелердің қолдауымен жеткізілетін болады.
Бұл кемелер ұшақ тасушы кемені кез-келген қоқан-лоққылардан, соның ішінде теңіз қарақшылары мен халықаралық лаңкестерден қорғау үшін жіберіліп отыр. Олар 10 күннің ішінде Жерорта теңізіне жетеді деп жоспарлануда»,-деді.
Кеңес одағы заманында жасалған «Адмирал Кузнецов» ұшақ тасушы кемесі алғаш рет Ресейдің Таяу Шығыс аймағында орналасқан кемелеріне қосылады.