Ресейдің ұшақ тасушы кемесі Сирия суларына жіберілді
https://itolqyn.com/news/world-i16186-Ресейдің_ұшақ_тасушы_кемесі_Сирия_суларына_жіберілді
Ресейдің «Адмирал Кузнецов» ұшақ тасушы кемесі Жерорта теңізіндегі суларға жіберілді. Осылайша Ресей Теңіз күштерінің Сириядағы әуе шабуылдарын қолдауға бағытталған күш-қабілетін нығайтуды көздеп отыр.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 16, 2016 19:10 Asia/Almaty
  • Ресейдің ұшақ тасушы кемесі Сирия суларына жіберілді

Ресейдің «Адмирал Кузнецов» ұшақ тасушы кемесі Жерорта теңізіндегі суларға жіберілді. Осылайша Ресей Теңіз күштерінің Сириядағы әуе шабуылдарын қолдауға бағытталған күш-қабілетін нығайтуды көздеп отыр.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, РФ Қорғаныс министрі сенбі күні: «Осы ұшақ тасушы кеме «Петр Великий» соғыс кемесі, «Адмирал Вайс Кулаков» эсминеці және сүңгуір қайықтарға қарсы алып кемелердің қолдауымен жеткізілетін болады.

Бұл кемелер ұшақ тасушы кемені кез-келген қоқан-лоққылардан, соның ішінде теңіз қарақшылары мен халықаралық лаңкестерден қорғау үшін жіберіліп отыр. Олар 10 күннің ішінде Жерорта теңізіне жетеді деп жоспарлануда»,-деді.

Кеңес одағы заманында жасалған «Адмирал Кузнецов» ұшақ тасушы кемесі алғаш рет Ресейдің Таяу Шығыс аймағында орналасқан кемелеріне қосылады.