Иран ЮНЕСКО-ның әл-Ақса мешітіне қатысты шарасын қолдады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы БҰҰ-ның ғылым, мәдениет және тәрбие жөніндегі ЮНЕСКО ұйымының Палестина халқының өзінің жері мен қасиетті орындарына қатысты құқығын растаған шарасын қолдады.
ИИР СІМ-нің ақпараттық дипломатия департаментінің хабарлауы бойынша, осы ел СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми ЮНЕСКО ұйымы атқарушы кеңесінің сионистік режимнің палестиналық аймақтар мен Құдс қаласындағы заңсыз әрекеттерін айыптаған жуырдағы қарарын қолдап, бұл кеңестің мұсылмандардың әл-Ақса мешітіне қатысты діни құқықтарының танылу қажеттігін қуаттағанын мадақтады.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сионистік режимнің қарарға қатысты теріс реакциясын осы режимнің қоғамдық пікірді алдарқату амалдарының әшкереленуі мен бұл режимнің халықаралық қарарлар мен заңдарға қатысты жауапсыздығының белгісі деп атады.
ЮНЕСКО ұйымының атқарушы кеңесі өзінің екі жүзінші отырысында әл-Халилдегі Ибрахим кешенінің екі ауласы мен Бейт-Лахемдегі Балал ибн Рабах мешітінің Палестинаның бөлінбейтін бөлігі екенін және иудейлермен ешқандай тарихи, діни және мәдени байланысының жоқтығын растады.
Осы қарар бекітілген соң сионистік режим аталмыш ұйыммен әріптестігін тоқтатты.