Ұлы Жібек жолы – ұлттар мен мәдениеттерді байланыстырудың бастауы
(last modified 2016-10-16T13:57:49+00:00 )
Қаз 16, 2016 19:57 Asia/Almaty
  • Ұлы Жібек жолы – ұлттар мен мәдениеттерді байланыстырудың бастауы

ИИР Сыртқы істер министрінің орынбасары: «Жібек жолы деген атпен танымал жолдар – ұлттар, мәдениеттер мен өркениеттерді байланыстырудың бастауы. Ол көптеген әлеуметтік және мәдени өзгерістерге жағдай жасаған»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрінің зерттеулер туралы орынбасары Мұртаза Даманпак Джами сенбі күні Мешхедте «Орта Азияны зерттеу» халықаралық институты мен «Ұлы Жібек жолы» халықаралық форумының аймақтық отырысында сөйлеген сөзінде: «Осы жолдардың бойындағы мыңдаған қалалар мен ауылдар бір мәдени-әлеуметтік және сауда-экономикалық ережелердің жүйесіне енген. Сондықтан ЮНИСЕФ кеңес бергендей, жол сөзін көпше түрде қолданып, «Жібек жолдары» жайлы сөз қозғағанымыз дұрысырақ болар.

Бұл жағдайда Ұлы жібек жолдарына қатысы бар барлық жерлер, ұлттар мен мәдениеттерге көңіл аударылатын болады. Ұлы Жібек жолдарына қатысты кейбір жаңа жобалар мен стратегияларға керісінше, ешбір ел осы жолдан шеттетілмейді. Ұлы Жібек жолдарының ортақ мұрасы оның бойындағы елдердің ең маңызды байланыс және интеграциялану нүктесі болып табылады. Осы тұрғыдан Ұлы Жібек жолдарын бейбітшілік пен достық жолдары деп атауға болады »,-деді.

 

Тегтер