Иран Африкамен сындарлы қарым-қатынас орнатуды қолдайды
(last modified Mon, 17 Oct 2016 09:23:52 GMT )
Қаз 17, 2016 15:23 Asia/Almaty
  • Иран Африкамен сындарлы қарым-қатынас орнатуды қолдайды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Теһранның Африкамен сындарлы қарым-қатынас орнатуды қолдайтынын қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні Кот-д'Ивуар Сыртқы істер министрі Абдолла Мабримен Теһрандағы кездесуінде Африканың маңызды мемлекеті Кот-д'Ивуармен қарым-қатынастарды дамытуды Иранның көңіл бөлетін мәселелерінің бірі деп атап: «Ислам революциясының жеңісінен кейін ИИР-ның саясаты Африкамен сындарлы қарым-қатынас орнату болып қалыптасты»,- деді.

Лариджани Иран мен Кот-д'Ивуар арасындағы жақсы қарым-қатынастарға тоқталып: «Екі елдің арасында әсіресе парламентаралық салада жақсы қарым-қатынас орнатылған болатын. Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі парламентаралық достық топ құрып, екі елдің қарым-қатынастарының дамуын қолдауда»,- деп мәлімдеді.

 Кот-д'Ивуар Сыртқы істер министрі  Абдолла Мабри де кездесуде әртүрлі салалардағы Иранның жетістіктеріне тоқталып: «Иранмен энергетика, соның ішінде мұнай мен газ тасымалдау, инфрақұрылымдарды дамыту, азық-түлік өнеркәсібі мен техникалық-кәсібі білім беру салаларындағы ынтымақтастықтар Кот-д'Ивуардың алға ілгерілеуіне көмектеседі»,- деді.