Африкалық елдермен қарым- қатынасты кеңейту - Иранның сыртқы саясатының қағидасы
ИИР президенті африкалық елдермен қарым-қатынасты кеңейту мен нығайтуды Иран ислам республикасының сыртқы саясатының қағидасы деп атады.
Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Теһранда Кот-д’Ивуар елінің Сыртқы істер министрі Абдолла Мабериді қабылдауында соңғы жылдардағы екі ел байланысының кеңею үдерісіне ризалық білдіріп, Теһранның барлық салаларда, әсіресе экономика саласында Кот-д’Ивуармен ынтымақтастықтарды кеңейтуге әзір екендігін мәлімдеді.
Рухани сондай- ақ лаңкестік тақырыбы мен барлық елдердің осы салада ынтымақтастық жасауы қажеттігіне сілтеме жасап: «Лаңкестік әлем үшін үлкен түйткіл болып табылады. Лаңкестердің исламмен еш қатысы жоқ, өйткені ислам махаббат, бейбітшілік және бейбіт қатар өмір сүру діні болып табылады және үрей- қорқыныш тудыруға, бейберекеттік пен қорқыту және халықты қыруға ашық қарсы» деді.
ИИР президенті лаңкестіктің мәдени және экономикалық тамырларына тосқауыл қою қажеттілігін баяндап, ірі алпауыттардың мемлекеттердің ішкі ісіне араласуының лаңкестіктің қалыптасуы мен өрістеуіндегі рөлін баяндап: «Иранның 17 мыңнан астам азаматы шәһид болып, лаңкестікпен күресте ауыр құн төледі. Лаңкестікпен күресте Иранмен ынтымақтастық жасауға әрі қол ұшын беруге мүдделі елдерге еш көмегін аямайды» деді.
Кот-д’Ивуар Сыртқы істер министрі де осы кездесуде исламдық Иранның өз елінің үкіметі мен халқына көрсетіп отырған қолдауларына алғыс айтып, елінің барлық салаларда, әсіресе экономика саласында Иран ислам республикасымен ынтымақтастықтарды кеңейтуге бел буып отырғанын қуаттады.