НАТО Ресейдің ұшақ тасығыш кемесінің Алеппо шабуылдарына қосылуына реакция білдірді
(last modified Fri, 21 Oct 2016 06:46:49 GMT )
Қаз 21, 2016 12:46 Asia/Almaty
  • НАТО Ресейдің ұшақ тасығыш кемесінің Алеппо шабуылдарына қосылуына реакция білдірді

Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы (НАТО) Ресейдің ұшақ тасығыш кемесінің Сириядағы Алеппо қаласына шабуылдарға қосылуына қатысты алаңдаушылық білдірді.

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің ұшақ тасығыш кемесінің Сириядағы әскери амалдарға қолдау көрсетуі мен осы елдегі қақтығыстардың ушығуына қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Франция президенті Франсуа Олланд та осы жайында: "Ресейдің Алеппо қаласына шабуылдардағы рөліне байланысты Еуропа одағы Ресейге қарсы санкциялар вариантын әлі де күн тәртібінен шығармауы керек" деді.