НАТО Ресейдің ұшақ тасығыш кемесінің Алеппо шабуылдарына қосылуына реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i16510-НАТО_Ресейдің_ұшақ_тасығыш_кемесінің_Алеппо_шабуылдарына_қосылуына_реакция_білдірді
Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы (НАТО) Ресейдің ұшақ тасығыш кемесінің Сириядағы Алеппо қаласына шабуылдарға қосылуына қатысты алаңдаушылық білдірді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 21, 2016 12:46 Asia/Almaty
  • НАТО Ресейдің ұшақ тасығыш кемесінің Алеппо шабуылдарына қосылуына реакция білдірді

Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы (НАТО) Ресейдің ұшақ тасығыш кемесінің Сириядағы Алеппо қаласына шабуылдарға қосылуына қатысты алаңдаушылық білдірді.

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің ұшақ тасығыш кемесінің Сириядағы әскери амалдарға қолдау көрсетуі мен осы елдегі қақтығыстардың ушығуына қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Франция президенті Франсуа Олланд та осы жайында: "Ресейдің Алеппо қаласына шабуылдардағы рөліне байланысты Еуропа одағы Ресейге қарсы санкциялар вариантын әлі де күн тәртібінен шығармауы керек" деді.