Ислам революциясының жетекшісі Венесуэла Президентімен кездесуде баяндама жасалады
(last modified Sun, 23 Oct 2016 07:53:39 GMT )
Қаз 23, 2016 13:53 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Венесуэла Президентімен кездесуде баяндама жасалады

Ислам революциясының жетекшісі: «АҚШ-тың жеңілмейтіндігі туралы ой – үлкен қателік. АҚШ-тың көптеген қателіктері бүгінде оларды аймақта қатты жер қаптырып отыр»,-деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сенбі күні  Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесуінде АҚШ-тың Таяу Шығыстағы жоспарлары мен саясаттарының жеңіліс тапқанына тоқталып, мұнай бағасының төмендеуін тәуелсіз елдерге қысым жасау құралы деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі мұнай қаруының тәуелсіз елдерге қазіргі қиындықтарды таңу үшін қолданылып жатқанына тоқталып: «Бұрынғы кездері кейбір ислам елдері өздерінің мұнайын жауып сионистік режимге қарсы тұрғанда батыстықтар мұнайды саяси құрал ретінде пайдаланды деген сылтаумен жанжал тудыратын. Ал енді, өкінішке орай, тура сол елдер АҚШ-тың саясатына жақтасып, мұнайды қару ретінде пайдаланып отыр»,-деп еске салды. Аятолла Хаменеи Венесуэланың Латын Америкасы аймағында  үстемшілдікке қарсы қозғалыстардағы ықпалды рөлін осы елдің зор әлеуетінің белгісі деп атап, осы елдің Қосылмау қозғалысына төраға болу мұрсатын тиімді пайдалану қажеттігін қуаттады.

Венесуэла Президенті Николас Мадуро да осы кездесуде Иран халқының АҚШ-тың жауластығына қарсы табандылық танытуын мадақтап: «Иран халқы тыныштық пен қауіпсіздік сақталған жағдайда өмір сүріп жатқанда оның айналасындағы аймақтық елдердің көбінде соғыс, жікшілдік пен әлсіздік жайлаған»,-деді.

Венесуэла Президенті, сондай-ақ, өткен екі жылдың ішінде мұнай бағасының күрт төмендеуіне тоқталып: «АҚШ империализмі Венесуэлаға қарсы көптеген қастандықтар мен ішкі іске араласушылықтар жасады. Алайда Венесуэла халқы осындай экономикалық соғысқа төтеп беріп, қазір біртіндеп экономикалық дағдарыстан шығу үстінде»,-деп сөзін жалғады.

Тегтер