Ресей Сириядағы лаңкестердің қолдаушыларын сынады
Ресейдің СІМ Сириядағы лаңкестік топтардың батыс және араб қолдаушыларын сынға алды.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ресей СІМ жексенбі күні мәлімдеме жариялап, Парсы Шығанағы жағалауындағы бірнеше араб елінің батыс елдерімен, әсіресе Британия, Франция, Бельгия елдерімен Сирияға қарсы одақтасып, Сирияда лаңкестік әрекеттерді айыптаудан бойтартуын сынға алды. Осы мәлімдемеде кейбір батыс елдерінің Сириядағы лаңкестер мен олардың одақтастарының әрекеттерімен Алепподағы әрекеттерді ақтауға күш салып жатқандары айтылған.
Ресей СІМ сонымен қатар бұл елдердің Ресей мен Сирияның бірлесуімен жүзеге асырылып жатқан атысты тоқтату бітімін сақтау мен Алеппо тұрғындары үшін гуманитарлық көмектерге қолжетімділікке көзжұмбайлық танытып отырғанын мәлімдеді.
Женевадағы БҰҰ-ның еуропалық штабындағы Ресей өкілі Алексей Бородавкин Британия мен одақтастарының Сирияда лаңкестер күш жинап алған соң өздерінің жабайы әрекеттерін жалғастыруы үшін олардың басып-жаншылуына кедергі келтіріп жатқанын айтты.