Зариф: Сириядағы атысты тоқтату әрқашан Иранның басты мәселесі болды
Иран Сыртқы істер министрі атысты тоқтату мен гуманитарлық көмек жіберудің әрқашан Иранның Сириядағы басты мәселелерінің қатарында болғанын айтып, осы сала бойынша Иранның кез келген ынтымақтастыққа әзірлігін мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф кеше, дүйсенбі күні Теһранда Еуроодақтың дағдарысты басқару және гуманитарлық көмектер жөніндегі комиссары Христос Стилианидиспен кездесуінде Йемендегі адами жағдайдың нашарлығына тоқталып, сол елдегі адами жағдайға көңіл бөлудің қажеттілігін қуаттады. Еуроодақтың дағдарысты басқару және гуманитарлық көмектер жөніндегі комиссары Христос Стилианидис те кездесуде ИИР-ның ауған босқындарды қабылдауы ісіне тоқталып, Иранның Сирияға гуманитарлық көмек жеткізуге көмектескені үшін алғыс айтып, Иранның аймақ пен әлем деңгейінде маңызды әрі сындарлы рөл атқарып жатқанын қуаттады.
Осы мәлімет бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф пен Христос Стилианидис кездесуде Ирандағы ауған босқындарының жағдайы мен дағарысқа тіреліп отырған елдерге, әсіресе Сирияға гумантиарлық көмектер жеткізудің қажеттілігі туралы пікір алмасты.