Пәкістанның Кветта қаласында лаңкестік шабуылдар жалғасуда
Пәкістанның Кветта қаласының төңрегінде орналасқан полиция күштері академиясына жасалған лаңкестік шабуыл бұл елдегі лаңкестік шабуылдардың жалғасуын көрсетеді. Шамамен 90 адамның қаза болуына себеп болған бұл шабуыл лаңкестік топтар мен үкімет қарсыластарының күшін көрсету болып табылады.
Пәкістанның Кветта қаласының маңында орналасқан полиция күштерінің академиясына жасалған лаңкестік шабуыл бұл елдегі лаңкестік шабуылдардың әлі жалғасып жатқанын көрсетеді. Шамамен 90 адамның қаза болуына себеп болған бұл шабуыл лаңкестік топтар мен үкімет қарсыластарының күшін көрсету болып табылады.
Саяси бақылаушылардың көзқарасы бойынша, лаңкестік әрекеттің қатаң қауіпсіздік шаралар қолданылған әскери орталықта орын алуы бірнеше тұрғыдан назар аударылатын мәселе: біріншіден, лаңкестер Пәкістан әскері және ұлттық полициясымен проблемаларға ие екенін және бұл елдің әскери күштерінен кек алғысы келетіндіктерін көрсетті. Полиция күштері академиясына қарсы лаңкестік шабуыл Пәкістан әскері құрлық күштерінің көшбасшысы Рахиль Шариф 2014-ші жылдың 15-ші маусымында бұл елдің әскері солтүстік Вазиристанда әскери әрекеттерін бастағаннан бері Талибан тобы толығымен сәтсіздікке ұшырады деп айтқаннан кейін орын алды. Оның айтуынша, тайпалық аймақтардағы лаңкестікке қарсы әрекеттерден кейін Пәкістанның қауіпсіздігі артқан. Осыған орай Рахиль Шарифтың сұхбатынан көп ұзамай Кветтадағы полиция күштері академиясының оқу орталығына лаңкестік шабуылдың жасалуы лаңкестік топтардың бұл елдің әскері мен қауіпсіздік ұйымдарының алдында күш көрсетуі болуы мүмкін. Екінші мәселе шабуылдың Балучестан провинциясындағы полицияның оқу орталығына жасалуына қатысты. Өткен екі жылда Хайбер-Пахтунхва мен Балучистан провинцияларындағы әскери орталықтарда лаңкестік шабуылдар көбейді. Олардың жауапкершілігін Талибан тобы өз мойнына алды. Талибан топтары Балучистанда белсенділік танытып, лаңкестік шабуылдарын іске асырғанымен, Кветтадағы лаңкестік шабуыл аймақтық салдарларға ие болу мүмкін. Өйткені жуырда Пәкістан үкіметтерінің саяси және әскери топтары Үндістан және Ауғанстанды Балучестан аймағындағы кейбір лаңкестік және сепаратистік топтарды қолдады деп айыптап, бұл екі елдің мақсатын гибридтік соғыс ашу деп жариялады. Үндістанның таяудағы Кашмирдегі әскери базаларына жасалған шабуылдарды Пәкістанмен байланыстырғанына назар аударып, Пәкістанның Делиді Кветтадағы лаңкестік шабуылға қатысты деп айыптауын күтуге болады. Пәкістандағы әртүрлі ақпараттық топтардың пікірі бойынша, Үндістанның әскери қолбасшылары мен саяси басшылары Үндістанның бақылауындағы Кашмирде бұл елдің 18 әскериінің өлімінен кейін Исламабадқа қарсы қатты сөз айтуда. Кейбір мәліметтер Кветтадағы полицияның оқу орталығына жасаған лаңкестік шабуылдың жауапкершілігін «Лашкаре джангви» деген лаңкестік топ өз мойнына алғанымен Пәкістандағы кейбір саяси, әскери және діни ағымдар бұл лаңкестік топ Пәкістандағы кейбір әскери қауіпсіздік саласындағы ағымдармен ынтымақтастық етуде деген уәж айтуда. 107 лаңкестің өлімі мен басқа 297 лаңкестің құрықталуымен аяқталған Пенджабты «Лашкаре джангви» деген лаңкестік топтан тазарту операциясын назарға алып, бұл мәселені кек алу әрекеті деп бағалауға болады.
Қалай болғанда да, Пәкістан халқының алдында бұл елдің қауіпсіздік және әскери органдары әскери орталықтардың біріндегі өз күштерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған жағдайда бұл елдің халқы мен қоғамдық орталардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ете алады деген сұрақ туады.