Діни жетекшінің көзқарасы: АҚШ коалициясы лаңкестіктің тамырын жоюды мақсат етпейді
https://itolqyn.com/news/world-i16909-Діни_жетекшінің_көзқарасы_АҚШ_коалициясы_лаңкестіктің_тамырын_жоюды_мақсат_етпейді
Иран Ислам революциясының жетекшісі Босния және Герцеговина президенттік кеңесінің төрағасымен кездесуінде Батыстың лаңкестікке қарсы әскери коалициясының оның тамырын жоюды мақсат етпейтінін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 26, 2016 14:43 Asia/Almaty
  • Діни жетекшінің көзқарасы: АҚШ коалициясы лаңкестіктің тамырын жоюды мақсат етпейді

Иран Ислам революциясының жетекшісі Босния және Герцеговина президенттік кеңесінің төрағасымен кездесуінде Батыстың лаңкестікке қарсы әскери коалициясының оның тамырын жоюды мақсат етпейтінін қуаттады.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні Босния және Герцеговина президенттік кеңесінің төрағасы Бакир Изетбеговичпен Теһрандағы кездесуінде:  «Мүмкін, бұл коалиция лаңкестерге қарсы соғысқа да шығар, бірақ олар Ирак пен Сириядағы лаңкестіктің тамырын жоюды мақсат етіп отырған жоқ. Еуропаның кейбір бай әрі мықты мемлекеттеріндегі мұсылман жастарды кемсітушілік олардың ДАИШ сынды лаңкестік топтарға қосылуына негіз дайындайды»,- деді.

Батыс Азия аймағындағы лаңкестік құбылысының түрлерінің тамыры Батыстың, әсіресе АҚШ үкіметтерінің саясаттарында жатыр. Әртүрлі деректер, соның ішінде АҚШ-тың алдағы президенттік сайлауының демократтар партиясының үміткері Хиллари Клинтонның естеліктері кітабы кейбір Батыс үкіметтерінің соғысқұмар және лаңкес тәрбиелеудегі саясаттарын дәлелдейді.

2001-ші жылғы 11-ші қыркүйек оқиғасы АҚШ-ның саясатын өзгертіп, АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстанға қарсы соғыс ашуына сылтау болды.   Бұл шабуыл бейберекеттіктер мен лаңкестіктің  кең таралуына  себеп болды. 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін АҚШ саясаткерлері мен әскерилері лаңкестерге қарсы алдын ала шабуыл жасауды АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланыстырды. Басқаша айтқанда,  лаңкестердің Нью-Йорктің орталығына жасаған шабуылы Батыс Азия аймағында жаңа соғыстың жалынын көтерді. АҚШ пен одақтастарының Ауғанстан мен Ирактағы  лаңкестікпен күресуді сылтауратып ашқан соғыстары бұл құбылыстың тамырына балта шабудың орнына, керісінше әлемнің әртүрлі аймақтарында лаңкестіктің тұқымын септі. Бұл құбылыс сырт көзге араб аймағында туындағандай көрінгенімен, шын мәнінде бұл құбылыстың пайда болуының негізгі себепкерлері – АҚШ пен кейбір еуропалық үкіметтер.

Саддамның БААС режимінің құлауын сылтауратып, АҚШ  Иракқа шабуыл жасады. Бұл шабуыл Саддам режимін құлатты. Бірақ АҚШ-тың Ирактағы саясаты ДАИШ лаңкестік тобы үшін мұрсат болды. АҚШ Иракты басып алған жылдары ДАИШ-тың қазіргі басшысы Абубакр әл-Бағдадиды абақтыдан босатты. Содан кейін Ирак Сирияда ДАИШ лаңкестерінің таралуына себеп болды. Бұл топ әлемнің әртүрлі елдерінен қанішерлерді жинап, әртүрлі қылмыстарды іске асырып, әлемде үрей сезімін тудырды. ДАИШ лаңкестерінің санының артуы Батыс елдерін АҚШ басқарған коалицияны құруға мәжбүрледі.

Аталмыш коалиция өзінің әрекеттерін 2014-ші жылы бастады. Алайда АҚШ коалициясының ДАИШ-ке қарсы әрекеттеріне шолу жасайтын болсақ, көптеген түсініксіздіктерді байқаймыз. Олардың Ирак пен Сирияда нысандарды жүйесіз түрде нысанаға алуы, Ирактың әртүрлі аймақтарына ДАИШ лаңкестері үшін қажет нәрселерін тастауы АҚШ коалициясының лаңкестікке қарсы соғыстағы негізгі рөліндегі түсініксіз жайттардың бір бөлігі ғана.

АҚШ коалициясы солармен күресіп жатырмыз деп уәж айтатын  лаңкестер бүгінде Еуропаға да жетіп, еуропалық мемлекеттердегі тыныштықтың орнын үрей басты. Батыстың Ирак пен Сириядағы лаңкестікпен күреске екіжүзді ұстаным білдіруі АҚШ басқарған Батыстың әскери коалициясының     бұл құбылыстың тамырын жоюды мақсат етпейтінін көрсетеді.