Ресей Алеппода атысты шартпен тоқтатуға дайын
(last modified Wed, 26 Oct 2016 09:01:11 GMT )
Қаз 26, 2016 15:01 Asia/Almaty
  •   Ресей Алеппода атысты шартпен тоқтатуға дайын

Ресей Алеппоның шығысында атысты қайтадан тоқтатудың тек халықаралық ұйымдардың науқастардың аймақтан шығуы мен лаңкестердің сол бітімді бұзбауына кепілдік беруімен ғана мүмкін екендігін мәлімдеді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы генерал Игорь Конашенков бүгін, сәрсенбі күні «Мәскеу Дамаскпен бірге халықаралық кепілдікке ие болған соң атысты тоқтатуды жариялауға дайын. Алеппоның шығысындағы қауіпсіз өткелдер арқылы шығатын тұрғындар мен қарулы адамдар үшін тәулік бойы дәрігерлік қызмет көрсететін орталықтар ашылды»,- деді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы сонымен бірге Ресейдің атысты тоқтатуды бақылайтын орталығы тарапынан Алеппоның Шейх Мақсуд аймағына 10 тонна  гуманитарлық көмек жүгінің тапсырылғанын хабарлады.