Қырғызстанның дін саласының маманы ваххабизмнің Орта Азияда таралуы туралы ескертті
Қырғызстанның дін саласының маманы Қадыр Маликов Орта Азияның бес елінде ваххабистік және экстремистік ойлардың таралу салдары туралы ескертіп:
«Орта Азия елдерімен, соның ішінде Қырғызстан Парсы шығанағы маңындағы араб елдерімен, соның ішінде Сауд Арабиясымен туризм саласында келісімдерге қол қойғаннан кейін ваххабизм «туризм» деген жамылғымен бес ел – Қырғызстан, Қазақстан, Түркіменстан, Тәжікстан мен Өзбекстанда жылдам таралу үстінде»,-деп баса айтты.
Осындай жағдайда Қазақстан Президентінің саудиялық компаниялардың инвестициясын Қазақстан өнеркәсібінің әртүрлі салаларына тарту мақсатында Сауд Арабиясына жасаған сапары аймақ елдерінің басты жаңалығына айналды.
Жуырда Қазақстан қайраткерлері экстремистік және ваххабистік ойларға бетбұрысты азайту үшін қазақ жамағатының имамдары мен діни шәкірттерді үйрету және қоғамды діни экстремистік топтар мен исламның жалған ағымдарының белсенділіктері мен арандатушылықтары туралы хабардарландыруды өз күн тәртібіне қойды.
Шындық мынада: Сауд Арабиясы Орта Азия елдері тәуелсіздік алғаннан кейін осы елдердің рухани кеңістігіндегі бостықты назарға алып, осы кеңістікті толтыру үшін ваххабистік ойларды таратуды қолға алды.
Эр-Рияд діни орындар мен медреселер салу және жөндеуге қолдау көрсету, соның ішінде экономикалық тұрғыдан қолдау көрсетіп, осы елдердің өнеркәсібі мен экономикасының әртүрлі салаларына инвестиция салуды Орта Азия аймағына өзінің діни-экономикалық ықпалын жүргізудің тетігі етіп алды. Эр-Риядтың Орта Азияға осындай қатынасы мен бұл елдердің Сауд Арабиясымен ынтымақтастық жасауды қолдауы ваххабистік ойларды насихаттау мен экстремистік топтарды нығайтудан басқа нәтиже берген жоқ.
Аймақ елдерінің саяси орталары осы елдер азаматтарының Ирак пен Сирияда осы елдердің заңды үкіметтеріне қарсы соғыс майдандарында ДАИШ күштерінің сапында болуының себептерінің бірін Сауд Арабиясының осындай қатынасының нәтижесі және аймақ мемлекеттерінің эр-Риядтың мақсатты түрдегі инвестицияларына көзжұмбайлықпен қарауының салдары деп санайды.
Бүгінде Астана экстремизммен күресуге, Сауд Арабиясына бағынышты тәкфирлік және салафиттік топтардың саяси-әлеуметтік белсенділіктеріне шектеу қоюға қатысты өзінің қатаң шараларына байланысты эр-Рияд пен осындай топтар мен ағымдарды құрып, қолдаушы басқа елдердің теріс реакциясына алаңдап отыр.
Әсіресе, Сауд Арабиясының аталмыш елдерге инвестиция салудағы қатынасы эр-Риядтың экономикалық тетіктерді ваххабистік-салафиттік ойларды таратудың құралы ретінде пайдаланып отырғанын көрсетеді. Басқаша айтқанда, эр-Риядтың осы елдердегі инвестициясының есесіне бұл елдердің үкіметтері оның діни белсенділіктеріне көзжұмбайлық танытып келген. Бүгінде бұл тәсіл Қазақстан мен Орта Азияның басқа елдерінің екіұшты қатынасына айналып отыр.
Бұл елдер бір жағынан жалпы мағынада қоғамның саяси-әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді, екінші жағынан араб елдері тарапынан инвестиция көлемі азайып, соның салдарынан экономикаларына соққы берілетіндігіне алаңдайды.
Бұл жағдай бір жағынан Орта Азия елдеріндегі ресми және діни қайраткерлер мен сарапшылардың осы аймақта ваххабистік және экстремистік ойлар мен тынышсыздықтың таралатыны туралы ескерту жасалуына әкеліп соқтырды, ал басқа жағынан аймақ елдерінің қауіпсіздік тұрғысынан экстремистік топтармен қарама-қайшы қатынасы және осы топтарды демейтін елдермен қарым-қатынасты сақтап, нығайтуға талпынуымен қатар орын алып отыр.