Қазақстан ОПЕК- тің отырысына қатысуы мүмкін
(last modified Thu, 27 Oct 2016 13:58:23 GMT )
Қаз 27, 2016 19:58 Asia/Almaty
  • Қазақстан ОПЕК- тің отырысына қатысуы мүмкін

Қазақстанның Энергетика министрі осы елдің Австрияның астанасындағы мұнай экспорттаушы елдер ұйымы ОПЕК- тің отырысына қатысу ықтималдығын хабарлады.

Қанат Бозымбаев осыған дейін Қазақстан Энергетика министрлігі өкілінің 29- шы қазанда Венада өтетін  ОПЕК- тің техникалық отырысына қатысатынын хабарлаған болатын.

Ол Қазақстан қайраткерлерінің қараша айының соңында ОПЕК басшыларының отырысына қатысатынын мәлімдеп: «Жауапты қайраткерлер Вена отырысына қатысу туралы сұхбаттасуда. Қарашаның соңында қорытынды шешім қабылданады. Бұл отырысқа әлі дейін ешкім шақырылған жоқ» деді.

Бозымбаев мұнай бағасының Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығына сілтеме жасап, мұнай нарығының тұрақтылығы туралы Астана мен Мәскеу қайраткерлерінің сұхбаттасатындықтарын хабарлады.

ОПЕК ұйымына мүше елдер 28-ші қыркүйектегі отырыста мұнай өндірісін күніне 32-33 млн баррельге қысқартуға келісті. Алайда әзірше әрбір мүше елдің мұнай өндіруінің нақты мөлшері анықталмаған. ОПЕК мүшелері Венада өтетін қараша айындағы отырыста мұнай өндірісі туралы қорытынды шешім қабылдауы керек.