Иран алпауыт мемлекеттердің адам құқығы ұғымдарына екіұшты қатынас көрсетуін сынады
Парламентаралық одақтағы Иран парламенттік делегациясының төрағасы алпауыт мемлекеттердің өздерінің саяси сұм мақсаттарын жүзеге асыру үшін адам құқығы тақырыбына екіұшты қатынас көрсетуін айыптады.
Женевадағы парламентаралық одақтың отырысындағы Иран парламенттік делегациясының төрағасы Мұстафа Кавакебиян алпауыт елдердің адам құқығы тақырыбын құрал ретінде қолдануы мен оған екіұшты қатынас көрсетуін адам құқығы ұғымдарына жасалып жатқан ең маңызды соққы деп атап: «Адам құқығының әшкере түрде бұзылуының айқын мысалын қазіргі жағдайда Таяу Шығыс пен Африканың солтүстігіндегі қазіргі дағдарыстардан байқауға болады.
Палестинаның мазлұм халқы соңғы 70- тен астам жылда алпауыт мемлекеттердің адам құқығы туралы уәждеріне қарамастан өздерінің негізгі құқықтарынан мақұрым болған. Сионистік режимнің кейбір мықты мемлекеттердің, әсіресе Американың ауқымды қолдау көрсетуінсіз палестиналықтарға қарсы қылмыс жасауға мүмкіндігі болмас еді. Алпауыт елдер өз елдерінің ішінде нәсілдік кемсітушілік пен адам құқығының кең түрде аяққа тапталуы орын алып жатса да, арсыздықпен адам құқығын қорғау және демократияны өрістету желеуімен әлемнің түрлі аймақтарында көптеген қылмыстар жасап жатыр» деді.