Иран, Ресей мен Сирия Сыртқы істер министрлерінің баспасөз конференциясы өтті
ИИР Сыртқы істер министрі Сирия мен аймақта лаңкестікпен күресу үшін халықаралық және аймақтық деңгейде әріптестіктердің жасалу қажеттігін қуаттады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Мәскеуде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Сирия Сыртқы істер министрі Валид Муаллеммен бірге өткізген баспасөз конференциясында лаңкестік қатерінің тек Сирия мен аймаққа ғана төніп тұрмағанын, керісінше бүкіл әлемге қауіп төндіріп отырғанын айтып: «Иран, Ресей мен Сирия елдері лаңкестікпен күресуге және адам құқықтарының негізін сақтауға бағытталған талпыныстарын одан ары арттырады»,-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф Иран, Сирия мен Ресейдің Сирия дағдарысын шешуге қатысты үйлесімділікпен әрекет етіп жатқанын айтып: «Әлем елдерінің барлығы лаңкестіктің ешбір елдің мүддесіне сай еместігін және онымен күрестің халықаралық әріптестікті қажет ететінін қабылдауы тиіс»,-деп баса айтты.
Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та Сирияда лаңкестікпен бітіспейтін күресті жалғастыру қажеттігін қуаттап: «Сириядағы соғысқа саяси-дипломатиялық тұрғыдан атсалысу барлығымыз қатысатын мәселе болып табылады»,-деді.
Сирия Сыртқы істер министрі Валид Муаллем де осы баспасөз конференциясында АҚШ-ты сынап: «Вашингтонның саясаты тәкфиршілдерді қолдайтын елдерге қызмет көрсетуге негізделген»,-деді.
Сирия Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Ресеймен Алепподағы атысты тоқтату бітімі туралы келісіміндегі міндеттемелерін орындайтындығы туралы уәделеріне тоқталып, АҚШ-қа сенудің сағымға сенумен бірдей екенін айтты.