Ресей президенті Еуропаны сынады
Ресей президенті Американың Ресейге үрке қарауды таратуына сілтеме жасап, Еуропаның Американың соңына еруін дұрыс емес деп атады.
Ресей президенті Владимир Путин сенбі күні Сочиде өткен саяси экономикалық отырыста сөйлеген сөзінде: «Вашингтон «Мәскеу қоқан-лоққы» деген негізсіз уәждерді әрдайым айтады. Осы пікірді тарату Америка үшін пайдалы сауда болып отыр» деді.
Путин Вашингтонның Ресейге қарсы саясаты туралы: «Батыс пен Америкада Ресейді үнемі әскери қоқан-лоққы деп атайды. Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы осы сөзге сүйеніп, НАТО-ға мүше елдердің әскери бюджеттерін арттыруды және одақтастардың бір алпауыттың пайдасына шара қолдануын көздейді. Американың Ресейге қарсы ұстанымымен НАТО кеңейді. Оның әскери нысандары Ресей шекараларының маңында құрылып, әскери бөлімшелері жаңа соғыс жабдықтарымен аймаққа орналастырылады» деді.