Могерини Теһранда Рухани және Зарифпен сұхбаттасты
https://itolqyn.com/news/world-i17062-Могерини_Теһранда_Рухани_және_Зарифпен_сұхбаттасты
Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісі Иран президентімен кездесіп, екіжақты байланыстар және аймақ өзгерістері, соның ішінде Сирия туралы сұхбаттасты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 29, 2016 20:55 Asia/Almaty
  • Могерини Теһранда Рухани және Зарифпен сұхбаттасты

Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісі Иран президентімен кездесіп, екіжақты байланыстар және аймақ өзгерістері, соның ішінде Сирия туралы сұхбаттасты.

Жұма күні кешке Теһранға келген Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могерини сенбі күні Руханимен дидарласудан бұрын Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесіп, екі жақты байланыстар және аймақтағы өзгерістер туралы ақылдасты.

Зариф Могериниді қабылдауында Еуропалық Одақтың Сирия дағдарысындағы сындарлы рөлін қолдап, Иран ислам республикасының Еуропалық Одақпен жақынырақ ынтымақтастық жасау үшін әзірлігін мәлімдеді.

Зариф пен Могерини осы кездесуде Иран мен Еуропалық Одақтың қос жақты байланыстары және аймақ өзгерістері, әсіресе Сирия дағдарысын шешудің жолдары туралы сұхбаттасып, ақылдасты.

Өткен аптада Еуропа парламенті Иран мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыстың стратегиялық құжатын бекітті. Могерини осындай жағдайда Теһранға сапармен келіп отыр.

Сондай- ақ Иран мен Еуропалық Одақ кеңестерінің екінші кезеңі 2016 жылы қараша айында Брюссельде Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Мәджид Тахтраванчи мен Могеринидің орынбасары Хельга Шмидттің басқаруымен өтеді.