Орталық Азия темір жолында лаңкестікті насихаттаушылардың маршруты анықталды
Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның қауіпсіздік қызметі лаңкестік ағымдардың бір топ үгіттеушісін құрықтады.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің антитеррористік орталығының төрағасы Евгений Сысоев Ташкентте өткен «Халықаралық лаңкестік пен әсірешілдікке тосқауыл қою үшін ынтымақтастық жасау» атты төртінші форумда сөйлеген сөзінде лаңкестікті үгіттеушілердің Қазақстаннан өтетін Тәжікстан мен Қырғызстан поездарында жұмыс табу үшін Ресейге бара жатқан жастарды лаңкестік топтарға тартатындықтарын мәлімдеді.
Осы мәлімет бойынша, 2015 жылы Ресейдің қауіпсіздік федералдық қызметі мен Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығымен лаңкестік ұйымдарға мүше болған осы аймақ республикаларының 80 азаматы құрықталды.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше және бақылаушы мәртебеге ие елдердің халықаралық лаңкестік пен әсірешілдікке тосқауыл қою мақсатындағы ынтымақтастықтың төртінші форумы жұма күні Ташкентте өтті.