Клинтон сауалнамаларда көш бастап келеді
Қаз 30, 2016 20:39 Asia/Almaty
«CNN» телеарнасы өз хабарында «The Washington Post» басылымы мен «ABC» арнасының қазан айының 2-27 күндері бірлесіп жүргізген сауалнамаларының қорытындылары демократиялық партияның үміткері Хиллари Клинтонның 47 пайыз ықтималды дауыспен екі пайыз аралықта өзінің республикалық партиядағы бақталасы Дональд Трамптан ілгері шыққанын көрсететінін мәлімдеді.
Сондай- ақ «real clear politics» ақпарат торабы да ағымдағы қазан айының 20- 28 күндері «RCP» қоғамдық пікірді сынау кеңсесі жүргізген сауалнамада Клинтонның 47,1 пайыз ықтималды дауыспен 42,5 пайыз дауысты иемденген Трамптан озғанын көрсетеді деп хабарлады.
Тегтер