Жуырда Бахрейнде Ұлыбританияның тұрақты әскери базасы ашылады
Қаз 30, 2016 20:57 Asia/Almaty
Британдық ақпарат құралдары жуырда Бахрейнде осы елдің тұрақты әскери базасы ашылатынын хабарлады.
Соңғы 40 жылда Парсы Шығанағындағы Ұлыбританияның тұңғыш тұрақты әскери базасы болып табылатын осы елдің теңіз базасы келесі айда ашылып, базаға британдық кемелер аттандырылып, шамамен 600 британдық әскери күш орналастырылатын болды. Сыншылар қару қоймасы ретінде де қолданылатын Ұлыбритания әскери базасының Бахрейнде салынуына алаңдаушылық білдіріп, Ұлыбритания адам құқығын Халифе әулеті патшалығымен өзінің сауда-саттық және әскери мәмілелері үшін құрбандыққа шалып отыр деп қуаттады.
Тегтер