Америка ұшақтарының Ауғанстанның оңтүстігіне жасаған шабуылынан ондаған адам қаза болды
https://itolqyn.com/news/world-i17191-Америка_ұшақтарының_Ауғанстанның_оңтүстігіне_жасаған_шабуылынан_ондаған_адам_қаза_болды
Американың ұшқышсыз ұшақтарының Ауғанстанның оңтүстігіне жасаған шабуылынан ондаған бейбіт адам қаза болды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 01, 2016 08:24 Asia/Almaty
  • Америка ұшақтарының Ауғанстанның оңтүстігіне жасаған шабуылынан ондаған адам қаза болды

Американың ұшқышсыз ұшақтарының Ауғанстанның оңтүстігіне жасаған шабуылынан ондаған бейбіт адам қаза болды.

Талибан тобының ақпарат өкілі Қари Юсеф Ахмади Американың ұшқышсыз ұшақтарының Урузган уалаятының орталығы Таринкот маңындағы Дарвишан аймағына жасаған шабуылынан 30 бейбіт азаматтың, соның ішінде бірнеше ақсақалдың өлтірілгенін, осы шабуыл барысында Талибан күштерінің зардап шекпегенін мәлімдеді.

Американың ұшақтары өткен екі айда Ауғанстанның түрлі аймақтарын өз шабуылдарының нысанасына алды. Соның салдарынан жүздеген адам қаза тапты.