Ресей америкалық күштерді Норвегияға орналастырудың салдарларын ескертті
(last modified Wed, 02 Nov 2016 02:17:02 GMT )
Қар 02, 2016 08:17 Asia/Almaty
  • Ресей америкалық күштерді Норвегияға орналастырудың салдарларын ескертті

Ресей федерациялық кеңесінің қауіпсіздік және қорғаныс комиссиясы төрағасының орынбасары Франц Клинцевич: "Американың арнайы 330 күшін Норвегияға орналастыру Американың аймақта әскери базалар құру жоспарының бір бөлігіне жатады. Ядролық шайқас бола қалған жағдайда Норвегияның Ресей шабуылының нысанасы болуына себеп болады.

Ресей осы күштерді тікелей әскери қоқан- лоққы деп санайды. Осы уақытқа дейін Ресейдің нысанасы болмаған Норвегия халқы үшін шынайы қауіп туып отыр. Аталмыш шара Норвегияның зарар шегуіне себеп болады» деді.