Иран мен Қырғызстанның түрлі салалардағы қарым-қатынастары кеңейтіледі
Қырғызстан сыртқы істер министрі саяси, мәдени, экономикалық, аймақтық және халықаралық қарым-қатынастарды кеңейтуді өз елінің ИИР-на қатысты саясатының басты бағдары деп атады.
Иран СІМ-нің ақпараттық дипломатия бас кеңсесінің мәлімдеуі бойынша, Қырғызстан Сыртқы Істер Министрі Эрлан Абдылдаев сәрсенбі күні Бішкекте Иран Сыртқы Істер Министрінің Азия және Тынық мұхиты елдері жөніндегі орынбасары Ибрахим Рахимпурмен кездесуінде: "Екі елдің лаңкестік және әсірешілдікпен күресу бөліміндегі ынтымақтастықтары да ерекше маңыздылыққа ие" деп қуаттады.
Абдылдаев Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы мүшелігі туралы: "Иранның Шанхай ұйымындағы толық мүшелігі оның потенциалы мен тиімділігін арттыратын болады" деді.
Бір делегацияны басқарып, Қырғызстанда жүрген Иран Сыртқы Істер Министрінің Азия және Тынық мұхиты елдерінің ісі жөніндегі орынбасары да ИИР мен Қырғызстанның достық қатынастарының дамуға бет алған үдерісін оң бағалап: «"Ортақ қадам бағдарламасынан кейінгі кеңістікте Иран мен Қырғызстанның қарым-қатынастарын, әсіресе экономикалық байланыстарын кеңейту үшін лайықты мүмкіндік туындады" деді.