АҚШ ИСИМ тобымен күресті жалғастыратынын қуаттады
(last modified Sun, 28 Feb 2016 15:11:27 GMT )
Ақп 28, 2016 21:11 Asia/Almaty
  • АҚШ ИСИМ тобымен күресті жалғастыратынын қуаттады

АҚШ президенті: "ИСИМ-мен күресте ешқандай атыс тоқтату келісімінің болмайтындығы кесімді іс. АҚШ осы лаңкестік топтың көзі жойылғанша күресті жалғастырады" деді.

«Фарс» ақпарат агенттігінің «Hill» ақпарат тарату торабына сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ президенті Барак Обама кеше, сенбі күні АҚШ армиясы ИСИМ тәкфиршілерінің көзін жою ісін осы лаңкестік топтың көзі жойылғанша жалғастырады деп міндеттеме қабылдады.

АҚШ президенті Вашингтонның Сирия мен Ирактан асып, қай жерде тамырын жаймасын, ИСИМ тобын қудалау үшін барлық құралдарын пайдалануды жалғастыратынын мәлімдеді.

АҚШ президенті ИСИМ тобына қарсы рақымсыз шабуылдар жасауға, түбінде осы әсірешіл топтың көзін жоюға сөз берді.

Обама Сириядағы атыс тоқтату жобасын қолдауда айтқан сөзінде: «Бұл жоба ИСИМ ағымын тоқтататын өзгеріс болып табылады. ИСИМ теріс пайдаланып отырған Сириядағы азаматтық соғыс пен бейбастақтықты доғару осы лаңкестік топты жеңудің жалғыз жолы болып табылады» деді.