Ресей премьер-министрі Иранмен байланыстарды кеңейтуді қуаттады
(last modified Sun, 06 Nov 2016 13:59:32 GMT )
Қар 06, 2016 19:59 Asia/Almaty
  • Ресей премьер-министрі  Иранмен байланыстарды кеңейтуді қуаттады

Ресей премьер-министрі осы елдің Иран ислам республикасымен байланыстарын кеңейтетінін қуаттады.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Дмитрий Медведев сенбі күні теледидарға берген сұхбатында: «Теһран мен Мәскеудің байланыстары экономикалық, техникалық және әскери салалар бойынша кеңеюде. Жасалған талпыныстармен және Иран мен «алтылық елдерінің» ядролық келісіміндегі табыстардан кейін Иранның ядролық мәселесі шешіліп, санкциялардың да күші жойылып, Мәскеу Теһранмен ынтымақтастықтарын кеңейтті» деді.

Ресей премьер министрі сондай-ақ Сирия дағдарысын бейбіт жолмен шешу және сириялық тараптардың келіссөз жүргізуі қажеттігін айтып, Сирия президенті Башар Асадтың осы келіссөздерге қатысуы керектігін қуаттады.