Федералдық тергеу бюросы Клинтонға қарсы ешқандай айып тағылмайтынын мәлімдеді
(last modified Mon, 07 Nov 2016 08:53:23 GMT )
Қар 07, 2016 14:53 Asia/Almaty
  • Федералдық тергеу бюросы Клинтонға қарсы ешқандай айып тағылмайтынын мәлімдеді

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросының төрағасы Хиллари Клинтонға қарсы оның жеке электронды поштаны қолдануына байланысты ешқандай айып тағуға болмайтынын айтты.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Федералдық тергеу бюросының төрағасы Джеймс Коми жексенбі күні осы елдің Конгресіне жолдаған хатында: "АҚШ-тың президенттік сайлауының Демократтар партиясының үміткері Хиллари Клинтонның жуырда табылған электронды хаттарын тексеру Федералдық тергеу бюросының бұл мәселе туралы қорытындысына ешқандай өзгеріс енгізген жоқ" деді.

Айта кетер жайт, Федералдық тергеу бюросының өткен есебінде Хиллари Клинтон Мемлекеттік хатшы қызметін атқарып жүрген кезде өзінің жеке электронды поштасын үкіметтік құпия құжаттарға қатысты пайдаланып, қателік жіберді деп айыпталған болатын, бірақ ешбір үкіметтік құпия құжат хакерлердің қолына түспеген.