Клинтон мен Трамптың Ресей туралы пікірлері
АҚШ-тың сайлауaлды пікірталастарында көтерілген мәселелердің бірі Клинтон мен Трамптың АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынастарының болашағы туралы көзқарастары болды.
Олардың Вашингтон мен Мәскеудің болашақ қарым-қатынастары туралы пікірлері өзгеше. Клинтон сөзінде талай рет Ресейді сынады. Ол екінші сайлауалды пікірталаста Мемлекеттік хатшы болған кезінде Ресейге қарсы тұрғанын, егер президент болса бұл қатынасын жалғастыратынын ашық айтты. Клинтон үшінші пікірталаста Ресейдің АҚШ-қа тыңшылық жасап, президенттік сайлауға ықпал етіп отырғаны және Трамптың бұл мәселені қолдап отырғаны туралы уәж айтты. Клинтонның айтуынша, Мәскеу АҚШ-қа Ресейдің қуыршағы болатындай адамның президент болуын қалайды. Трамп Клинтонға керісінше Ресей мен Путинге қатысты оң көзқарасқа ие. Трамп үшінші сайлауалды пікірталасында Путин ол туралы жақсы сөздер айтқанын және Путинмен тіл табысу жақсы екенін айтты. Трамп Путинмен дос емес екенін қуаттап: "Ресей президенті Ақ үйге керісінше Сириядағы аймақтық саясаттарда табысты әрекет етті" деді.
Хиллари Клинтон АҚШ-та билік етіп тұрған топтың, басқаша айтқанда "тұрақты жүйенің" үміткері ретінде Барак Обамамен бағыттас ұстанымдар айтып отыр. Клинтон АҚШ президенті ретінде сайланған жағдайда Обаманың саясаттарын көбірек қарқынмен жалғастыратын болады. Ал саяси тәжірибесі жоқ және тұрақты жүйеден тыс жерден сайлау алаңына келген Дональд Трамптың жағдайы басқа.
Клинтонның Ресей туралы көзқарасын түрлі салаларда Ресеймен қарсыласуға негізделген Обама үкіметінің саясатының жалғасы деп санауға болады. Вашингтон Шығыс Еуропа, Украина мен Сирия дағдарысында ашық түрде Ресейге қарсы саясат ұстанып отыр. Хиллари Клинтон көбірек талпыныспен Ресейге қарсы тұрып, онымен қақтығысатын болады. Осындай болжам Ресейдің Клинтонның билікке келуіне қатысты пессимистік көзқарасқа ие болуына және Трампты қолдауына себеп болды.
Трамп төңкерісшлік үміткер ретінде Клинтонға қайшы пікірлер айтып отыр. Ол АҚШ пен Ресей арасындағы дұшпандықты жалғастыруға мүдделі емес. Оған қоса, екі ел ДАИШ-пен күрес сияқты алаңдарда ортақ ынтымақтастық жасауда. Басқа жақтан Клинтон өзінің жағымсыз әрекетін ақтау үшін Ресейдің Трамптың жеңісі үшін жағдай жасау мақсатында АҚШ-тың президенттік сайлауының үдерісіне араласуы туралы уәж айтып отыр.
Ресейдің жоғары дәрежелі қайраткерлері әсіресе Путин бұл айыптауларды теріске шығарды. Ресейліктердің көзқарасы бойынша, сайлауға қатысты мәселелерді реалистік түрде талдап сараптай алмайтын америкалық қайраткерлер сайлауға қатысты мәселелерді шетелдік елдермен байланыстыру арқылы өздерін ақтауға тырысып жатыр. Путин Трамптың табыстылығының себебі мен оның республикашылдардың үміткері ретінде тағайындалуы туралы сараптамасында: "Трамп зиялы қауымнан шаршаған адамдарға жақындауға талпыныс жасап жатыр" деді. Мәскеу сонымен қатар Трамптың Ресеймен қарым-қатынастарды тұрақтандыру туралы сөздерін құптады.
АҚШ пен Ресей қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы қайшылықтардың күшейіп, екі елдің барлық деңгейлердегі байланыстарының азайғанын көрсетеді. Клинтон немесе Трамптың билікке келуі осы үдерісті екі жолдың біріне не қайшылықтардың күшеюіне, не келіспеушіліктерді шешу үдерісінің басталуына алып келетін болады.
.