Қазақстан республикасының Елбасы Жапонияның императорымен кездесті
Қазақстан республикасының Елбасы Жапонияның императорымен кездесуде екі ел байланыстарының келешегі туралы сұхбаттасты.
Жексенбі күні 4 күндік сапармен осы елдің астанасы Токиоға келген Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның императорымен кездесуде екі елдің байланыстарын кеңейту мен дамытуға қатысты тақырыптар туралы сұхбаттасты.
Халықаралық қауіпсіздік, қарусыздандыру және ядролық қаруларды таратуға тыйым салу негізінде жақын ынтымақтастықтарды күшейтуге талпыныс жасау Қазақстан республикасы Елбасының Жапония императорымен отырысының өзекті тақырыптарының қатарын құрады.
Назарбаев сондай-ақ Жапонияның әлемдік кикілжіңдерді шешу және аймақта тұрақты дамуды күшейту саласына қосқан бағалы еңбектерін дәріптеді.
Қазақстан республикасының Елбасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде ядролық қарудан ада әлем құру және су, азық-түлік пен энергия негізіндегі қауіпсіздік қиыншылықтарды шешу бағытында әсерлі қадамдар жасауға талпыныс жасау қажеттігін қуаттады.