БҰҰ- ның өкілі Йемен дағдарысы туралы ескерту жасады
БҰҰ-ның Йемен ісі жөніндегі өкілі осы елдің дағдарысты жағдайына қатысты ескерту жасады.
ИРНА-ның хабарлауынша, БҰҰ-ның Йемен ісі жөніндегі өкілі Исмаил Валад әш-Шейх әл- Ахмад сейсенбі күні осы елдегі жағдайдың қатты шиеленіті екендігін, ешбір халықаралық органның Йемен халқының қырылуына көңіл бөлмей отырғанын, Йемен экономикасының күйреу қарсаңында екендігін айтып, Санада йемендік қайраткерлермен кездесуі жөнінде де: ««Ансаролла» және «Халықтық конгрес» партиясының делегациясымен келіссөздерде көптеген тақырыптар талқыға салынып, пікір алмасулар өтті, бірақ йемендік тараптар кейбір мәселелер бойынша бұрынғысынша өз дегендерінен қайтпай отыр» деді.
БҰҰ-ның Йемен ісі жөніндегі өкілі барлық йемендік тараптардан осы ел халқының қалауы мен жалпыға бірдей толық бейбітшілікке жету үшін өз тұрғыларында жұмсақтық көрсетуді сұрады.
Йеменнен келіп түскен келесі бір мәлімет бойынша Саудия шапқыншылары дүйсенбі күні жарықшақты бомбаларды қолданып, Наджран шекаралық облысында әл- Шабаке және әл- Махруқ базаларын нысанаға алған.
Йемен армиясы мен халықтық күштері де Сауд әулеті шабуылдарының қарымтасы ретінде Сауд Арабиясының оңтүстік аймақтарында осы елдің әскери базаларын нысанаға алды. Шабуылдар барысында «Джаһфан» базасындағы Саудия армиясының қару қоймасы жойылды.